17-шы Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі
17-шы Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі

TIM - AQUATHERM ALMATY 2024 КӨРМЕСІНІҢ ЖАҢА ҚАТЫСУШЫСЫ

TIM logo

"TІМ сауда маркасы инженерлік сантехниканың ең ірі өндірушісі болып табылады. TІМ-инженерлік сантехникасы тұрғын үй, коммерциялық және қоғамдық ғимараттар үшін жылыту, сумен жабдықтау және су дайындау жүйелерінің компоненттерін шығарады.  

Клиенттер біздің құрылғыларды орнатудың сапасын, сенімділігін, тиімділігі мен ыңғайлылығын бағалайды. TІМ компаниясының өнімі өнеркәсіпте де, тұрғын үй секторында да жайлылықты, қауіпсіздікті, сапаны, су ресурстарын сақтау мен басқаруды қамтамасыз етеді.

Компания өнімдерді TІМ эксклюзивті сауда маркасымен өткізеді. Барлық TІМ өнімдері заманауи жабдықтарда және зертханалық-сынақ орталықтарының бақылауымен шығарылады, заманауи талаптарға және халықаралық нормативтік құжаттарға жауап береді.

TІМ барлық өнімдері Ресейлік жағдайларда, сондай-ақ Орта Азияда пайдалануға барынша бейімделген -тек сапалы материалдардан шығарылады. Өнімнің жоғары сапасы мен қолжетімді бағалар біздің тауарға сантехникалық өнімдер нарығында лайықты орын алуға мүмкіндік берді. "

Компания сайты: : www.tim.com.ru
https://t.me/tim_zeissler

TІМ компаниясының өнімі туралы толық ақпаратты Aquatherm Almaty 2024 көрмесінен 4 қыркүйектен бастап 6 қыркүйек аралығында алуға болады   

  • -де жасалған