ЖЫЛЫТУҒА, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА, САНТЕХНИКАҒА, КОНДИЦИЯЛАУҒА ЖӘНЕ ВЕНТИЛЯЦИЯҒА АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАБДЫҚТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ
7-9 Қыркүйек 2021
Алматы, Қазақстан

ҚАТЫСУДЫҢ НҰСҚАЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЖЫЛЫТУҒА, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА, САНТЕХНИКАҒА, КОНДИЦИЯЛАУҒА, ВЕНТИЛЯЦИЯҒА АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУДЫҢ БАҒАСЫ

1. Қатысу бағасы келесілерден тұрады:

  • 1. Жабдықталған стендтің 1 ш.м. немесе таза алаңнын бағасы.
  • 2. Стенді орналастыруға үстеме баға (егер бар болса)
  • 3. Тіркелу төлемі
  • 4. ҚҚС 12%

ЖАБДЫҚТАЛҒАН СТЕНДТІҢ СТАНДАРТ КОМПЛЕКТАЦИЯСЫ

Тіркелу төлемі – көрмеге келушілердің бәріне таратылатуға арналған қатысушылар каталогына қосу (сіздің компанияңыздың сипаттамасы және байланыс ақпараттарымен), копьютерлендірілген тіркеу жүйесі (бейдждер), көрмеге 100 шақыру қағазы, көрменің ашылуына орай өтетін коктейлге 2 билет, қатысушы сертификаты, стендті тазалау (жұмыс күні кешкісін), жалпы күзет.

Бұл сома міндетті түрде төленуі керек.

Қосымша

  • Стендтің бұрышта орналасуына қарай: алаң бағасына +10%
  • Жартылай арал түрінде орналасуына қарай (стенд үш жағынан ашық болады): алаң бағасына +15%
  • Арал түрінде орналасуына қарай (стенд барлық жағынан ашық болады): алаң бағасына +20%
  • Стендке қосымша жабдықтар және қызметтер алу бойынша – техникалық бөлімге хабарласуыңызды өтінеміз.
Тел.: +7-727-258-3434
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

2. Сырттай қатысу

Егер сіздің компанияңыз, Қазақстанның инвестициялық нарығымен алдын ала танысуға қызығушылық білдіретін болса, сізге сырттай қатысудың бірнеше түрін қолдануды ұсынамыз.

Ескерту:

  • Сырттай қатысу көрмеге келушілермен көзбе-көз үстел басында жұмыс істеуге жол бермейді. Алайда көрмеге келуіңізге болады.
  • Жарнамалық баспа материалдарыңыз көрме басталмастан 5 күн бұрын жеткізілуі тиіс.

2.2 ЖАРНАМАҢЫЗДЫ КӨРМЕНІҢ РЕСМИ КАТАЛОГЫНДА ОРНАЛАСТЫРУ

Жарнаманың көрменің ресми каталогында орналастыру, тапсырыс беруші компанияның дайын түрлі түсті немесе қара ақ түсті жарнама модулін көрменің ресми каталогына орналастыруды ұйғарады. Каталог форматы – А5. Сонымен қатар сіз компанияңыздың қызметі туралы сипаттаманы және байланыс ақпараттарыңыды орналастыра аласыздар. Каталогтар саланың мамандары, елшілік қызметкерлерінің, көрме қатысушылары арасында таратылады, сондай-ақ көрме кешенінің кассасында сатылады. Көрме каталогында орналасқан ақпарат, автоматты түрде көрменің ресми сайтында да орналасады.

Ескерту:

  • Жарнамалық модуль көрмеге дейін 2 ай бұрын жеткізілуі тиіс.

2.3. ДЕМЕУШІЛІК МҮМКІНДІКТЕР

Егер сіз нарыққа белсенді түрде шығуға қызыққан болсаңыз немесе сіздің компанияңыздың мақсаты нарықта максималды алға жылжу болса, «Көрме демеушісі» пакетін қолданыңыз. Сіз мыналарға қол жеткізесіз:
  • «Көрме демеушісі» мәртебесі
  • Ауқымды жарнамалық кампания (компанияның логосы көрменің барлық жарнамалық өнімдерінде орналасады)
  • Кең танымалдық
  • Көрменің сіздің компанияңыздың атымен байланыстырылуы.

2.4. СЕМИНАРЛАР, ШЕБЕР СЫНЫПТАР, ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ҰЙЫМДАСТЫРУ

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында компанияңыз семинар, презентация немесе шебер сыныбын өткізе алады. Бұл қатысу түрімен қатар сіз мыналарға қол жеткізесіз:
  • Ағымдағы және әлеуетті клиенттеріңізге кәсіби түрде өз компанияңыздың қызметі туралы таныстыру мүмкіндігі.
  • Клиенттеріңіздің қажеттіліктері мен күтімдерін екі жақты сөйлесу түрінде анықтау.
Барлық кәсіби шаралар арнайы жабдықталған бөлмеде өтеді.

Семинар бөлмесінің жалға алу бағасы, сіз тапсырыс беретін жабдықтар мен шара өткізу уақытына байланысты белгіленеді.