16-ші Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі
16-ші Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖЫЛУ ОҚШАУЛАУ

ENERGOMAX®, ENERGOFLEX®, ENERGOCELL®, ENERGOFLOOR®, ENERGOPACK®, ENERGOPRO®

rols isomarket slogan

ROLS ISOMARKET - Ресейдегі ірі техникалық жылу оқшаулау өндірушісі.

Бүгінгі күні компанияда нарық талаптарына жауап беретін және сапаға қойылатын әлемдік талаптарға сәйкес келетін жылу оқшаулағыш өнімдердің үлкен ассортименті әзірленді және енгізілді.

2021 жылы ең көп таралған екі жылу оқшаулағыш материалдардың: полиэтилен мен каучуктың артықшылықтарын біріктіретін көбіктендірілген полиолефинді пластомерден (polyolefin plastomer – POP) Energomax® жылу оқшаулағышын шығару жолға қойылды.

Black Star promo

Переславль-Залесский қаласындағы (Ярославль облысы) ROLS ISOMARKET зауыты – жалпы ауданы 7000 м2 көбіктендірілген полиэтиленнен оқшаулағыш материалдар өндіретін Шығыс Еуропадағы ең ірі кәсіпорын. Ол Кraussmaffei Berstorff GmbH компаниясының ең заманауи жабдықтарымен – полимерлерге арналған экструзиялық техниканың жетекші әлемдік өндірушісі.

Energomax® көбіктендірілген полиолефинді эластомерден жылыту, сумен жабдықтау, желдету, кондиционерлеу және тоңазытқыш жүйелерінде қолдануға арналған.

Energoflex® көбіктендірілген полиэтиленнен жылыту жүйелерін, ыстық және суық сумен жабдықтауды, желдету және ауаны баптау жүйелерін, санитарлық жүйелерді, өнеркәсіптік және инженерлік жүйелердегі қоршау құрылымдарын оқшаулауға арналған.

Energomax promo

Energocell® HT жабық ұялы құрылымы бар көбікше каучуктен жылу пункттері мен желілерін, өнеркәсіптік технологиялық, сондай-ақ тұзды жүйелерді жылу тасымалдаушының ең жоғары температурасы +150 °С дейін әсер ету уақыты бойынша шектеусіз оқшаулауға арналған.

Energopack® жабын материалдары жылу оқшаулағышты механикалық зақымданулардан, атмосфералық әсерлерден және ультракүлгін сәулелерден сенімді қорғауға мүмкіндік береді.

Жылу оқшаулағышы мен жабын материалдарын орнату кезінде Energo pro® фирмалық керек-жарақтарын қолдану барынша тиімді нәтижеге қол жеткізуге және оқшауланатын жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға ықпал етеді.

Cover Promo

Өнімдердің толық тізімімен компанияның сайтында танысуға болады, сондай-ақ, сіз FaceBook парақшасына жазылу арқылы соңғы жаңалықтар немесе акциялар туралы ақпарат ала аласыз.

Сайт: www.rols-isomarket.ru 

FaceBook: https://www.facebook.com/rolsisomarket