16-ші Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі
16-ші Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі

ҚҰБЫРЛАРДЫ, ҚҰБЫР ӨТКІЗГІШТЕРДІ, СКҚ, ҰҢҒЫМАЛАРДЫ, ЖЫЛУ АЛМАСТЫРҒЫШТАР МЕН ҚАЗАНДЫҚТАРДЫ ҚАҚ ПЕН ШӨГІНДІЛЕРДЕН ТАЗАЛАУҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРГИДРОИМПУЛЬСТІ ҚОНДЫРҒЫЛАР

ЖЫЛУ АГРЕГАТТАРЫНДА ҚАҚ ПЕН ШӨГІНДІЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАР

logo ZEVS

«ЗЕВС» компаниялар тобы құбырлардың ішкі бетін қақ пен шөгінділерден тазарту үшін зерттеулер жүргізеді, бірегей технологиялық жабдықтар әзірлейді және өндіреді.

  • Құбырлар мен қысымды құбырларды тазалауға арналған механикалық және механокавитациялық құрылғылар (бародинамикалық снарядтар мен қырғыштар);
  • Құбырларды, құбыр өткізгіштерді, СКҚ, ұңғымаларды, жылу алмастырғыштарды және қазандықтарды қақтан және шөгінділерден тазалауға арналған электргидроимпульсті қондырғылар;
  • Жылу агрегаттарында қақ пен шөгінділердің пайда болудың алдын алуға арналған ультрадыбыстық қондырғылар.

Біздің қондырғылардың негізіне алынған технология жылу алмастырғыштардағы, қазандықтардағы, құбырлардағы, СКҚ және ұңғымалардағы қақтан және шөгінділерден тез, арзан, ұқыпты және қауіпсіз құтылуға мүмкіндік береді. Әзірленген технологиялар мен жабдықтар Ресей мен кеден одағының барлық аумағында, жақын және алыс шетелдерде өнеркәсіп пен ТКШ-ның алуан түрлі салаларында қолданылады.

ZEVS universal

«ЗЕВС» электрогидроимпульсті қондырғылары құбырларды, қазандықтарды, СКҚ, жылу алмастырғыштар мен ұңғымаларды қақ пен шөгінділерден тазалауға арналған. Біздің қондырғылардың жұмыс принципі сұйықтықтағы импульсті электр разрядына негізделген. Осы разрядтың нәтижесінде локальді микро жарылыс пайда болады, ол қатты шөгінділерді бұзады, олар бірден су ағындарымен жуылады. Бұл жағдайда құбырдың қабырғалары зақымдалмайды. Құрылғы жұмыс жасау үшін құбырды толығымен сумен толтырып, оның ағып кетуін қамтамасыз ету керек (кейбір жағдайларда тазалау жүзеге асырылатын контейнерді сумен толтыру жеткілікті)

Zevsonic

«ЗЕВСОНИК» ультрадыбыстық аппараты. Қыздырғыштарды ажыратпай және оларды бөлшектемей, жылу агрегаттарында қалыңдығы 2,5 мм дейін карбонатты шөгінділердің пайда болудың алдын алуға арналған. Бұл әдіс құбырлар мен шөгінділердің бетінде ультрадыбыстық тербелістерді қоздыруға негізделген. Металл құбырлар мен шөгінділердің әртүрлі физикалық және механикалық қасиеттеріне байланысты ультрадыбыстық тербелістер шөгінділердегі шағын жарықтардың пайда болуына және олардың кейіннен металдан бөлінуіне әкеледі.

ZEVS snarjd

Бародинамикалық снарядтар диаметрі 100-ден 2500 мм-ге дейінгі кез келген қысымды құбыр өткізгіштерді тазарту үшін қолданылады. Снаряд тазартылып жатқан құбырда айдалатын сұйықтық ағынында қозғалады. Снарядты іске қосу және қабылдау нүктелері арасындағы қашықтық ондаған шақырымға жетуі мүмкін. Құбырларды тазалауға арналған қырғыштар. Шығырмен қозғалады, құбырдың ішкі бетінен шөгінділерді алып тастайды. Ұзаққа созылған су құбырлары мен кәріз құбырларын тазартуда таптырмас құрал.

Өнімдердің толық тізімімен компанияның ресми сайттарынан танысуға болады, сондай-ақ, Сіздер FaceBook парақшасына жазылу арқылы соңғы жаңалықтар мен науқандар туралы ақпарат ала аласыздар.

Сайт: https://egi.zevs-gk.com/ http://www.zevs-irp.ru/

FaceBook: https://www.facebook.com/gkzevs