17-шы Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі
17-шы Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі

KAZBUILD 2021 ЖӘНЕ AQUATHERM ALMATY 2021: КӨРМЕ ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ ОФЛАЙН ТҮРДЕ САЛТАНАТТЫ ОРАЛУЫ.

7-9 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында құрылыс, ЖЖК және ШҚ индустриясы мамандары үшін Қазақстандағы ең ірі екі көрме оқиғасы – KazBuild 2021 және Aquatherm Almaty 2021 сәтті өтті.

news1

Өткізу үзілісіне, логистикамен, шекарадан өтумен, экспо-іс-шараларға барудың және қатысудың жаңа антиковидтік қағидаларына қарамастан, көрмелерге әлемнің 15 елінен 231 компания қатысты: Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Дания, Испания, Италия, Қазақстан, БАӘ, Польша, Ресей, Словакия, Түркия, Өзбекстан, Украина және Оңтүстік Корея. Дәстүрлі түрде құрамы мен экспоненттер арасында көптеген халықаралық қатысушылардың – Германиядан келген екі ұлттық топтың, Словакия Ұлттық стендінің және Ресейдің 10 өңірінен құрылыс, әрлеу материалдарын, сондай-ақ инженерлік жабдықтарды шығаратын 44 өндірушінің ұжымдық стендтерінің болуы қуантты. Словакия Республикасының Қазақстандағы елшісі Милан Коллар осындай халықаралық іс-шараларды өткізу елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпалын тигізетінін, бұл сайып келгенде олардың экономикаларына оң әсер ететінін, ал бұл ағымдағы дағдарыс уақытында барлық мемлекеттер үкіметтерінің бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын атап өтті. Германияның Алматыдағы Бас консулы Марио Зоос неміс компанияларының көрмелерге қатысу фактісінің өзі Федеративті Республиканың Орталық-Азия аймағына деген қызығушылығын растайтынын атап өтті. «Қазақстан экономикасы, атап айтқанда құрылыс саласы қарқынды дамып келеді және біз бұнда орта және ұзақ мерзімді перспективада ынтымақтастық үшін әлеуетті көріп отырмыз. Сонымен қатар, KazBuild және Aquatherm Almaty көрмелерінде көптеген халықаралық компаниялар ұсынылған, олар да біз үшін әлеуетті серіктестер ретінде қызықты», - деп толықтырды Марио Зоос. 

 

news2

Көрме жұмысының үш күнінде экспозицияларды 2 347 бірегей келуші тамашалады, бұл көрмелерге деген қызығушылықты растайды және Қазақстандағы құрылыс бизнесін одан әрі дамыту үшін офлайн-оқиғалардың маңыздылығын айқындайды. Келушілер арасындағы сауалнамаға сәйкес, көрмелер трендтермен танысуға, пайдалы байланыстар табуға, әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Беларуссиядан келген «СТРОЙТРЕСТ №9 ЖШҚ» СУ СЖБ    бастығы Александр Силантьев көрменің құрылыс саласын дамыту үшін өте пайдалы және  қажет екенін айтты. «Бірінші күні біз іскерлік серіктестіктің перспективалық нұсқаларын таптық, байланыспен алмастық және қазір шарттардың егжей-тегжейін талқылау үстіндеміз», - деп атап өтті Александр.

 

 

Қазақстандағы құрылыс саласының тұрақты өсуі мен белсенді дамуын назарға ала отырып, көрме қатысушылары құрылыс, ЖЖК және ШҚ индустриялары саласындағы инновациялық және практикалық шешімдерді ұсына отырып, экспозицияларды сапалы толықтыруды қамтамасыз ете алды.

news3

 

KazBuild және Aquatherm Almaty көрмелерінің іскерлік бағдарламасы қарқынды өсу қарқынын одан әрі дамыту мен қолдаудың ең өзекті мәселелерін көрсетті. Сәулет, құрылыс, дизайн, ЖЖК және ШҚ секторларының мамандары Қазақстан дизайнерлері мен сәулетшілер қауымдастығының көптеген шеберлік сағаттарын, «Weconn Ltd», «Премьера», «Turan Carpets» қатысушы-компанияларының тақырыптық семинарларын, KAZGOR Жобалау академиясының және Қазақстан Сәулетшілер одағының семинарларын тамашалай алды.

 

 

news4

Алғаш рет KazBuild 2021 халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі аясында Қазақстан Құрылысшылар одағының «Болашақ бізбен бірге»  конференциясы өтті. Конференция 70-тен астам қатысушыны, 5 спикерді және шетелдік қонақтарды жинады, олардың ішінде «Беларусь құрылысшылар одағы» (Беларусь), «COSMEC» кірпіш өндіруге арналған жабдықты жеткізушілер( Италия), «ANTON OHLERT» бетон өндіруге арналған жабдықты жеткізушілер (Германия) бар. «Еліміздің құрылыс саласында 242 мың адам жетіспейді. Жұмыс күшінің жетіспеушілігінен Қазақстан жыл сайын 500 млрд.теңгеден айырылады, себебі күн сайынғы тоқтап қалу шығын әкеледі», — деп хабарлады «Қазақстан құрылысшылар одағы» Төралқасының Төрағасы Талғат Ерғалиев. «Құрылыс нарығының аналитикасы және саланың одан әрі дамуы» тақырыбындағы қорытынды сессия конференция қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.

 

Aquatherm Almaty көрмесі алаңында ЖЖК және ШҚ секторларының кәсіпқойлары үшін дәстүрлі түрде АВОК (Мәскеу) инженерлік конференциясы 4 рет өткізілді. Бұл ТМД елдеріндегі ЖЖК және ШҚ индустриясының топ сарапшыларының бірегей саны бар жалғыз алаң. 2021 жылғы конференцияның тақырыбы «Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелерінің жоғары технологиялары» болды. АВОК жетекші мүшелерінен және Ассоциацияға қатысушы компаниялардың өкілдерінен құралған 10 спикер сумен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа баптау салаларындағы инновациялық шешімдермен, кейстермен бөлісті.

news5Көрмелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толық сақтай отырып өтті. Көрмеге қатысушылар мен келушілер жеке орналасу изоляторлары мен антисептиктермен жабдықталды, павильондардағы адамдардың саны мен әлеуметтік қашықтықты толық бақылау жүргізілді, ал көрмелерге кіру тек ASHYQ қосымшасы арқылы және алдын-ала онлайн тіркеу арқылы мүмкін болды. Қауіпсіз іскерлік кеңістікті көрмеге қатысушылар да жоғары бағалады. Варвара Зарубина, «Удмурт Республикасын дамыту корпорациясы» АҚ экспортты қолдау орталығының маманы (KazBuild 2021 көрмесінің қатысушысы) павильондардың кіреберісінде де, ішінде де санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың толық сақталғанын  атап өтті. Ал Aquatherm Almaty 2021 көрмесінің қатысушысы «Климат ПРОФ Қазақстан» ЖШС Бас директор Андрей Быч тұлғасында өздерінің қатысуын былай деп түсіндірді: «Біздің еліміз өмір сүріп отырған жағдай мен шектеулер аясында біздің компания көрмеге қатысудың мақсаттары мен міндеттерін 100% орындады. Біз ұзақ мерзімді серіктестік туралы бірнеше келісім жасастық және көптеген жаңа байланыстар таптық. Ұйымдастырушылар көрмеге қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, келушілер тарапынан да зор ынта байқалды, өйткені өткен жылы көрме болған жоқ. Ал биыл көрме қайтадан өтті, біз кездесуге қуанышты көптеген таныс тұлғаларды және жаңа келушілердің жеткілікті санын кездестірдік, бұл ұйымдастырушылардың күш-жігері бекер болмағанын білдіреді».

Іс-шараны қазақстандық Iteca көрме компаниясы ұйымдастырады. KazBuild 2021 құрылыс және интерьер көрмесінің серіктесі Словакиялық SARIO инвестицияларды дамыту және сауда агенттігі болып табылады. Іс-шараларға жыл сайын Алматы қаласының әкімдігі мен салалық қауымдастықтар ресми қолдау көрсетеді.