17-шы Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі
17-шы Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі

AQUATHERM ALMATY 2021: ЖСЖК ЖӘНЕ ЖК ИНДУСТРИЯЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЕҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

2021 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Алматыда мәжбүрлі үзілістен кейін әдеттегі офлайн-форматта жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың Aquatherm Almaty 2021 13-ші Халықаралық көрмесі өтеді.

Құрылыс саласы Қазақстан экономикасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады, бұл сала инвесторлар үшін неғұрлым тартымды болып қала беруде. Жоспарланған инвестициялардың жоғары деңгейі және құрылыс жұмыстары көлемінің одан әрі өсу перспективалары таяу уақытта Қазақстанның құрылыс, ЖСЖК және ЖК салаларының тұрақты дамуына кепілдік береді. Бүгінгі таңда Қазақстанның индустрияландыру картасына жалпы сомасы 45 миллиард доллар болатын 100-ден астам жоба енгізілген.

Aquatherm Almaty Қазақстанда және Орталық Азияда жылыту, сумен жабдықтау, ауа баптау және желдетуге арналған инженерлік жабдықтарды көрсететін ірі салалық алаң болып табылады. Көрме жаңа инженерлік шешімдер және технологиялармен таныстырып қана қоймай, саланың үздік жабдықтарын көрсетеді, сонымен қатар кәсіби дағдыларды арттыру және жаңа кейстерді игеру алаңы ретінде қызмет етеді. Сала мамандары көрме жұмысының үш күнінде құрылыс саласының өзекті мәселелері мен одан әрі даму жолдарын талқылайды, кездесулер, тұсаукесерлер, іскерлік келіссөздер және көрменің іскерлік бағдарламасы шеңберінде басқа да іс-шаралар өткізеді.

Экспозицияға Artel, Demirdokum, Eleks, Fachmann, Rolls Isomarket, Азертехнолайн, Веза, Гейзер, Климат Проф, Эйкос сияқты Қазақстандық, халықаралық жетекші жабдықтарды өндірушілер мен жеткізушілер қатысады. Дәстүрлі түрде инновациялық әзірлемелермен және жаңа өнімдермен Германияның Ұлттық тобы ұсынылады.

Көрменің басты оқиғасы Қазақстандағы АВОК IV Инженерлік Конференциясы (Мәскеу) – ТМД елдеріндегі ЖСЖК және ЖК индустриясының үздік сарапшыларының бірегей саны бар жалғыз алаңы болады. АВОК ҮЕҰ - ғимараттарды жобалау, тіршілікті қамтамасыз етудің инженерлік жүйелерін салу, инновацияларды техникалық талдау және ЖСЖК/ЖК саласында инженерлік жабдықты қолдану мәселелері саласындағы беделді және сараптамалық ұйымдардың бірі саналады.

Параллель түрде бір алаңда  KazBuild 2021  27-ші Қазақстандық Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді.

Іс-шараның ұйымдастырушысы  Қазақстандық Iteca көрме компаниясы болып табылады. KazBuild 2021 құрылыс және интерьер көрмесінің серіктесі болып Словакиялық SARIO инвестицияларды және сауданы дамыту агенттігі саналады. Шараларға ресми қолдауды жыл сайын Алматы қаласының әкімдігі көрсетеді.