AQUATHERM ALMATY 2026: ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ АЛАҢ
2026 ЖЫЛҒЫ 2–4 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, САНТЕХНИКА, КОНДИЦИОНЕРЛЕУ ЖӘНЕ ЖЕЛДЕТУГЕ АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАБДЫҚТАРДЫҢ 18-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ AQUATHERM ALMATY 2026 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Бұл – өндірушілерді, жеткізушілерді, жобалаушыларды, инжинирингтік компанияларды, монтаждау ұйымдарын және салалық дистрибьюторларды біріктіретін Қазақстандағы ең ірі мамандандырылған алаң.
Көптеген жылдар бойы Aquatherm Almaty өңірдегі жетекші салалық іс-шара мәртебесін сақтап, көрме инженерлік жүйелер нарығының дамуындағы негізгі үрдістерді көрсетіп, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге арналған тиімді іскерлік ортаны қалыптастырады. Көрме заманауи технологияларды ілгерілетуге, әріптестік байланыстарды нығайтуға және Орталық Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарығына жаңа шешімдер шығаруға ықпал етеді.
2026 жылы көрме экспозициясына 19 елден 230-дан астам компания қатысады. Көрме дебютанттарының қатарында — Avcom Kazakhstan (Қазақстан), Amasha (БАӘ), Cimberio (Италия), Ginice (Оңтүстік Корея), Hitherm (Италия), Interplast (Грекия), Quindis (Германия), Srp Group (Канада), Wanas (Польша), Wing Pro (Қазақстан), Аквапром (Ресей), Лидер Dmb (Қазақстан), Рифар (Ресей), Тепломаш (Ресей) және басқа да компаниялар бар.
Экспозиция жылыту, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, инженерлік коммуникациялар және сантехникалық шешімдерге арналған жабдықтар мен технологиялардың толық спектрін қамтиды. Мұндай формат мамандарға нарықтағы ұсыныстарды жан-жақты бағалауға, өзекті технологиялық әзірлемелермен танысуға және әртүрлі ауқымдағы жобаларды іске асыру үшін оңтайлы шешімдерді табуға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі түрде іс-шараның практикалық құрамдас бөлігіне ерекше назар аударылады. Көрме аясында саланың жетекші мамандарын біріктіретін және кәсіби шеберлікті, заманауи монтаждау әдістері мен тиімді инженерлік шешімдерді көрсету алаңына айналатын IV монтажшылар Чемпионаты өтеді.
Aquatherm Almaty 2026 көрмесінің қатысушылары қатарында - инженерлік инфрақұрылымға арналған инновациялық жабдықтар мен технологиялық әзірлемелердің кең ауқымын ұсынатын Blauberg, CNP, Craft, E.C.A., FAR Rubinetterie, Garant Tranzit Plus, General Mechanical, Panasonic, Tebo, Thermona, VTS Kazakhstan, Wilo Central Asia, КЕЛЕТ, РТП сияқты халықаралық өндірушілер мен жеткізушілер бар.
Бірінші күннің басты оқиғасы «Жаңа құрылыс кодексі, cалық саясаты және цифрлық реттеу: Қазақстан саласын өзгертетін реформалар» атты пленарлық сессия болады. Сарапшылар жаңа құрылыс кодексін енгізудің алғашқы нәтижелерін, салық заңнамасын өзгертуді, мемлекеттік реттеуді цифрландыруды, BIM-технологияларды дамытуды, машинамен оқылатын құрылыс нормаларын және объектілердің цифрлық паспорттарын енгізуді, жобалау мен мемлекеттік сараптамада жасанды интеллектті қолдануды, сондай-ақ құрылыс сапасын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін талқылайды. Спикерлер қатарында - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, Қазақстан құрылысшылар одағының, Қазақстан Республикасы Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының, KAZGOR ЖА және жетекші даму ұйымдардың өкілдері бар. Ресми қолдауды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көрсетеді.
Іс-шараны қазақстандық Iteca көрме компаниясы халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп ұйымдастырады.



