17-шы Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі
17-шы Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі

AQUATHERM ALMATY 2025: ИНЖЕНЕРЛІК ШЕШІМДЕР МЕН СЕРІКТЕСТІККЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАҢ

2025 ЖЫЛҒЫ 3–5 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛЫТУ, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ, САНТЕХНИКА, КОНДИЦИОНЕРЛЕУ ЖӘНЕ ЖЕЛДЕТУ САЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН 17-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕ — AQUATHERM ALMATY 2025 ӨТЕДІ.  

Бұл көрме — ғимараттардың инженерлік жүйелеріне қатысты жаңашыл шешімдер көрсетілетін салалық басты оқиғаға айналды. 

Aquatherm Almaty тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды ұсынуға және сала мамандары арасында байланыс орнатуға арналған кәсіби платформа ретінде жақсы танымал. Биыл көрмеге 16 елден, оның ішінде Беларусь, Болгария, Венгрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, БАӘ, Польша, Ресей, Сингапур, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Чехия және Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, 200-ден астам компания қатысады деп күтілуде. Германия, Түркия, Қытай және Өзбекстанның ұлттық павильондары және ұжымдық экспозициялары — жаһандық өндірушілердің Қазақстан нарығына деген қызығушылығын айқындайды. 

Экспозиция келесі негізгі бағыттарды қамтиды: желдету және кондиционерлеу жүйелерінен бастап, ағынды суларды тазарту технологиялары мен есепке алу құрылғыларына дейін. Көрмеде қазандық жабдықтары, сорғы станциялары, құбыр арматурасы, жылуалмастырғыштар, сантехникалық өнімдер, автоматика құралдары, жылу оқшаулағыш материалдар, сондай-ақ сумен жабдықтау мен су дайындаудың кешенді жүйелері ұсынылады. 

Көрмеге алғаш рет қатысатын компаниялар: Aerastana, Carel Kazakhstan, General Mechanical, Haier, Icma Spa, Mmotors, Fusionline, Maincor, Worimex, Phoenix Ntr, Sewerin & DTS, Евробион, Strohm Mofem және Thermona Spol. Олардың қатысуы — Aquatherm Almaty көрмесінің Орталық Азия нарығына шығудың маңызды алаңына айналып келе жатқанын көрсетеді. 

Биыл көрме сапалық және сандық өсімді көрсетеді: алғаш рет 8-павильон қолданылады — бұл жаңа шешімдер кеңістігі, онда технологиялық инновациялар мен энергия үнемдейтін, орнықты жүйелерді жобалауға арналған интеграциялық тәсілдер ұсынылады. 

Көрмелік экспозициядан бөлек, келушілер іскерлік бағдарламаның сессияларына қатыса алады. Оның аясында «Технарь PRO Kazakhstan 2025» деп аталатын 3-ші Монтажшылар чемпионаты өтеді, мұнда сала мамандары инженерлік жабдықтарды нақты жағдайларда орнату бойынша қолданбалы дағдыларын көрсетеді. Іс-шара инженерлік сала мамандарының біліктілігін арттыруға, практикалық тәжірибе алмасуға және инженерлік мамандықтарды насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ, инженерлер мен жобалаушыларға арналған пленарлық сессия, салалық өзекті мәселелерге арналған семинарлар мен сессиялар өткізу жоспарланған. 

Aquatherm Almaty 2025 — бұл жай ғана көрме емес, бұл өңірдегі инженерлік саланың болашағын қалыптастыратын стратегиялық платформа. Оған қатысу — беделге, іскерлік байланыстарға және бизнестің орнықты дамуына салынған инвестиция. 

Іс-шара ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, ҚР ИҚМ Индустриялық даму комитетінің ресми қолдауымен өткізіледі. 

Көрменің ұйымдастырушылары — қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.