ТҮКШ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР
Жылу беруге, сумен жабдықтауға, сантехникаға, ауа баптауға және желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтың Aquatherm Almaty 2022 14-ші Халықаралық көрмесі 2022 жылдың 7 қыркүйегі мен 9 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы, «Атакент» ІЫҚО өтеді.
Қазақстанда жыл сайын жаңа аумақтық құрылымдар пайда болады, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және құрылыс, ЖБЖАБ және ЖАБ индустрияларын сүйемелдеу бойынша мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, іске асырылады. ҚР ИИДМ елді мекендер шегінде сумен жабдықтау желілерінің құрылысына жетекшілік етеді, биыл 119 млрд теңгеге болашақ тұрғын үйлерге арналған инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым құрылысы бойынша 375 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сумен жабдықтау қызметтеріне 100 % қолжетімді қамтамасыз ету үшін, Ұлттық жоба аясында республикалық бюджеттен 498 млрд. теңге бөлу көзделген. Еліміздегі ТҮКШ мәселелеріне мемлекет тарапынан көңіл бөлінуі, саланы одан әрі уақытылы дамыту қажеттігін анықтайды, бұл – Aquatherm Almaty көрмесін өткізудің басты мақсаттарының бірі.
Aquatherm Almaty көрмесі Қазақстан өңірлерінен, ТМД елдерінен және алыс шетелдерден келген көтерме және бөлшек сауда, жобалау, инженерлік, монтаждау және құрылыс ұйымдары өкілдерінің кездесу орны қызметін атқарады. Жылу беруге, сумен жабдықтауға, ауа баптауға және желдетуге арналған өнеркәсіптік және тұрмыстық жабдықтың жаңа өнімдерін тиімді таныстыру алаңы бола отырып, халықаралық қатысушыларды тартып, Aquatherm Almaty Қазақстанның ЖБЖАБ және ЖАБ секторлары нарығының географиясын кеңейтеді, отандық өндірушілерді дәріптейді және сала мамандарының кәсіби машығын арттырады. Көрме жұмысының үш күні ішінде қатысушылар мен келуішлерде ТҮКШ өзекті мәселелерін талқылау, жеткізудің тиімді шарттары мен ынтымақтастық туралы басшылармен нәтижелі B2B кездесулер өткізу, өнім өндірушілердің практикалық семинарлары мен презентацияларына қатысу мүмкіндігі болады.
2022 жылғы экспозицияға Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Тайвань, Түркия, Франция, Чехия және Оңтүстік Корея сияқты 12 елден қазақстандық және халықаралық 100-ден аса жетекші компания қатысады. Central Asia Pipes, VTA Kazakhstan, Ерсем, Wavin Czechia, Wolf, Demirdokum, ЛИТ зауыты және басқа да өндірушілер көрмеге қатысатынын растады.
Экспозицияға алғаш рет 30-дан аса компания қатысады, бұл құрылыс саласының үнемі өсіп жатқан көрсеткіштері жағдайында экспо-оқиға өткізудің өзектілігін көрсетіп тұр. Дебютанттар арасында: Airwat, Blizzard, ISIB - HVAC&R саласындағы түрік экспортерлары одағы, CREA Hydro&Energy, Oleko, Shanghai Kaiquan Pump (Group), Systemair Kazakhstan, Делсот, Контур Азия, Теплосила және басқалары бар.
Алғаш рет көрменің іскерлік бағдарламасы аясында инженерлер мен жобалаушыларға арналған BIM-Конференция өтеді. Конференции барысында сарапшылар инженерлік жүйелер мен коммуникацияларды модельдеу кезінде технологиялар қолдану ерекшеліктері, практикалық тәжірибе, BIM бойынша ҚР ұлттық стандарттары және т.б. туралы айтып береді.
Онымен қатар бір алаңда 28-ші Қазақстандық Халықаралық KazBuild 2022 құрылыс және интерьер көрмесі өтеді.
Оқиғаларды ұйымдастырушы – Iteca қазақстандық көрме компаниясы. Оқиғаларды жыл сайын Алматы қаласы әкімдігі, салалық одақтар және қауымдастықтар ресми түрде сүйемелдейді.