ЖЫЛЫТУҒА, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА, САНТЕХНИКАҒА, КОНДИЦИЯЛАУҒА ЖӘНЕ ВЕНТИЛЯЦИЯҒА АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАБДЫҚТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ
7-9 Қыркүйек 2022
Алматы, Қазақстан

Aquatherm Almaty 2021 құттықтау-хаттары

Алматы қаласы

Энергиятиімділік  және

инфрақұрылымдық даму басқармасы

басшысының  орынбасары м.а.

Е. Медетовтың

құттықтау хаты

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының атынан жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауа баптау, желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың Aquatherm Almaty 2021 – 13-ші халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын  көргеніме өте  қуаныштымын!

Өз  тарихында көрме инновациялық өнімдер мен технологияларды көрсету, мемлекеттік аппарат өкілдері және құрылыс саласының көшбасшыларының кездесу, сондай-ақ отандық құрылыс материалдарының бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру және Қазақстанда құрылысқа инвестициялар тарту үшін тиімді алаңға айналды.

АӨҚО РА деректері бойынша, Қазақстан Республикасындағы құрылыс коронавирустық пандемиядан айтарлықтай теріс әсерге қарамастан, елдің белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі болып қалуда. Пандемияға қарамастан, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй саны 2019 жылмен салыстырғанда 16%-ға өсіп, 15 млн.шаршы метр көрсеткішке жетті. Құрылыс саласына салынған инвестициялар көлемі триллион теңгеге өсті.

         Айта кету керек, Aquatherm Almaty көрмесі көлемі мен қатысушылардың саны бойынша бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі көрме болып табылады, жыл сайын құрылыс саласы мен HVAC индустриясының мамандарын, бүкіл әлемнің дизайнерлері мен сәулетшілерін тарта отырып, осылайша тікелей диалог пен кәсіби тәжірибе алмасуды жолға қояды, бұл әсіресе офлайн экспо-оқиғаларын өткізудегі ұзақ үзілістен кейін өзекті болып табылады.

Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс, жаңа перспективалық келісімшарттар және жаңа іскерлік серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық жасауды тілеймін!


Ресей Федерациясының

Қазақстан Республикасындағы

 Сауда өкілі

Бабко А. В.

құттықтау хаты

 Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Жеке өз атымнан және Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Сауда өкілдігі атынан KazBuild 2021 27-ші Қазақстандық халықаралық құрылыс және интерьер көрмесінің және жылытуға, сумен жабдықтауға, сантехникаға, кондиционерлеуге, желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтардың Aquatherm Almaty 2021 13-ші халықаралық көрмесінің қатысушыларын, қонақтарын және ұйымдастырушыларын көргеніме өте қуаныштымын!

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Осы жылдар ішінде біздің елдеріміз бір-бірі үшін маңызды стратегиялық әріптестерге айналды және сенімді, тату көршілік қарым-қатынастарды құра алды. Бұған дәлел - коронавирустың біздің елдеріміздің экономикалық жағдайына ұзақ әсер етуінен туындаған қиындықтарға қарамастан, ынтымақтастыққа мүдделі көптеген ресейлік компаниялардың көрмелерге қатысуы.

Құрылыс индустриясының көрмелері маңызды оқиғалар болып табылады, өйткені олар саладағы ағымдағы жағдайдың индикаторы саналады. Қазіргі қалыптасқан жағдайларда  бизнес үшін одан әрі ынтымақтастықтың негізгі басым бағыттарының бірі құрылыс саласын цифрландыру болмақ, ол кез келген индустрияның сапалы өзгерістері үшін елеулі ынталандыру болып табылады.

Көрмелер тағы да ең тиімді шешімдерді шоғырландыратын, инновациялық әзірлемелерді қолданатын және жаңа өнімдерді көрсететін орынға, сондай-ақ құрылыс саласы бизнес-қоғамдастығының ағымдағы мәселелерін шешетін алаңға айналатынына сенімдімін.

Барлық көрме қатысушылары мен қонақтарына алға қойған мақсаттардың табысты жүзеге асуын, жемісті жұмыс, кәсіби және серіктестік байланыстарды нығайтуды шын жүректен тілеймін!

 


«Атакент» КІЫО»  АҚ  

Директорлар кеңесінің төрағасы

Абдуллаев Т. К.

құттықтау хаты

 

 Құрметті көрме  қатысушылары мен қонақтары!

 «Атакент» КІЫО атынан және жеке өз атымнан Сіздерді жылытуға, сумен жабдықтауға, сантехникаға, кондиционерлеуге, желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтың Aquatherm Almaty 2021 13-ші халықаралық көрмесінде көргеніме және ашылуымен құттықтауға қуаныштымын!

Қазақстандағы құрылыс саласы бүкіл елдің экономикасы ауқымында маңызды рөл атқарады. Сондықтан құрылыс саласын дамыту, одан әрі жаңғырту және жаңа шешімдерді қолдану пандемиялық уақыттан кейін индустрияны қалпына келтірудің кілті болады. Құрылыстың оң серпіні Үкімет тарапынан қабылданып жатқан дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында негізделген, бұл құрылыс компанияларының кәсіпкерлік белсенділігін және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Құрылыс саласының мамандарының тікелей байланыста талқылап, сонымен қатар құрылыс, интерьер және дизайн салаларын одан әрі дамыту векторларына қатысты  анықтайтын мәселелер бар екені анық.

Aqua therm Almaty  мамандандырылған көрмесі жыл сайын отандық және халықаралық өндірістің ең озық материалдары мен технологиялары шоғырландырылатын платформа ретінде әрекет етеді. Тиімді диалог алаңы бола отырып, биыл көрме саланың өзекті мәселелерін және оны дамытудың алдағы жолдарын талқылау орнына айналады, сондай-ақ өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын іздеу үшін зор мүмкіндіктер ашады!

Көрменің барлық қатысушыларына, қонақтарына және ұйымдастырушыларына жақсы көңіл-күй, сапалы кездесулер мен жемісті жұмыс тілеймін!