ЖЫЛЫТУҒА, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА, САНТЕХНИКАҒА, КОНДИЦИЯЛАУҒА ЖӘНЕ ВЕНТИЛЯЦИЯҒА АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАБДЫҚТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ
7-9 Қыркүйек 2022
Алматы, Қазақстан

Aquatherm 2021 келушілерінің пікірлері

Еркебұлан Орынбасаров, «BI Group» (Қазақстан) өндірістік-техникалық бөлімінің инженері

Біздің компаниямыздың өкілдері өз жобаларымызға енгізуге болатын жаңалықтарды іздеу мақсатында Aquatherm Almaty көрмесіне келді. Нені көріп, неге үйренуге болатындар бары сөзсіз. Көрмеде біз бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан өзіміздің ескі әріптестерімізді кездестірдік, сондай-ақ бірге жұмыс істеу үшін шақыруға болатын жаңа өндірушілермен таныстық.


Қалқаш Тәжібаева «Арса» ЖШС (Қазақстан) директоры

Мен жыл сайын құрылыс көрмелеріне қатысуға тырысамын. Биылғы жылы Aquatherm Almaty көрмесі қызықты өтті, көптеген жаңа шешімдер мен көптеген өнімдер ұсынылған. Өз саламыз үшін небір жаңалықтар мен пайдалы заттарды табуға болады. Біздің компания құрылыспен айналысады, біз жұмыстың барлық түрін атқарамыз, бүгінгі таңда бізде кеңею және өсу болашағы бар, сондықтан да көрмеде біз шектен шығу мүмкіндіктерін табуға, жаңа әріптестікті жөнге келтіруге, сондай-ақ қажетті жабдықты сатып алуға тырысамыз.


Артём Литвинов, «КокшеСервис» ЖШС (Қазақстан) директоры

Бізге көрме ұнады, біз Aquatherm Almaty көрмесіне былтырғы жылдардан бері қатысып келеміз. Пандемиядан кейін масштаб әрине қысқарды, бірақ біз көрме шеңберінде іздегендеріміздің барлығын таптық. Біз жалпы жылыту, сумен жабдықтау және желдетуге байланысты өнімдер мен жылу панелдерін жеткізушілерді іздедік. Павильондарда біздің сегментіміздің жеткілікті көп өнімдері бар.


Валентина Чумачок, «Nova Build Group» ЖШС (Қазақстан) директорының көмекшісі

Iteca компаниясы ұйымдастырған көрме әдеттегідей өте жоғары деңгейде өтті. Тікелей өндіруші-зауыттардан көптеген қызықты өнімдер ұсынылған, себебі көрмедегі баға алыпсатарлардың бағасына қарағанда әлдеқайда тартымды. Өзіміз үшін ұзақ мерзімді әріптестіктің нұсқаларын белгілеп алдық, кейбір қатысушылардың прайстарын және арнайы жұмыс шарттарын күтіп отырмыз. Біздің компания «толық аяқтау» құрылыстық жобаларын жүзеге асырады, сондықтан да бізге - KazBuild және Aquatherm Almaty екі көрмесі де қызықты. Біздің міндетіміз – сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен іздеу. Бұл жерде біз плитканы да, керамиканы да, құбырларды да, желдету жүйелерін де және жаңа ішкі көрініс шешімдерін де таптық. Көрмеге келудегі біздің үмітіміз толығымен ақталды деп нақты айтуға болады!