16-ші Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі
16-ші Халықаралық «Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар» көрмесі

Ішкі, дыбыссыз, күшейтілген және сыртқы канализацияға арналған полипропилен және поливинилхлоридтен жасалған құбырлар және фитингтер

HT жүйесі, Skolan Safe жүйесі, KG2000 жүйесі, KG жүйесі – құбырлар және фитингтер

Logo neu OstendorfOstendorf Kunststoffe кәсіпорнын 1973 жылы 1 мамырда ағайындылар Норберт және Генрих Остендорф құрды. Құрылған жылдың өзінде полимер құбырлар мен фитингтерді шығара бастады. Бұл салада нарық жылдам дамыды, сондықтан қысқа мерзімнің ішінде кәсіпорын өнімнің толық бағдарламасын әзірлеуге көшті. Бүгін Gebr. Ostendorf Kunststoffe GmbH фирмасы нарықтың осы сегментінде жетекші өндіруші болып табылады. Ostendorf өнімі әлемнің көптеген мемлекеттеріне жеткізіледі.

HTSM Восстановитель раструба 110mmОтвод двухраструбный KGBD 2M 110mm

 

 

 

 

 

 

 

 

Компанияның негізгі бағыттары:

  • Ішкі, дыбыссыз, күшейтілген және сыртқы канализацияға арналған полипропилен (ПП) және поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған жасалған құбырлар және фитингтер, байқау (дренажнды) құдық;
  • HT жүйесі – ішкі канализацияға арналған құбырлар және фитингтер. Құбырлар мен фитингтердің диаметрі 32 – 160mm;
  • Skolan Safe жүйесі - дыбыссыз канализацияға арналған құбырлар және фитингтер. Құбырлар мен фитингтердің диаметрі 50 – 200mm;
  • KG2000 жүйесі – нөсер және сыртқы канализацияға арналған полипропиленнен жасалған құбырлар және фитингтер.
  • Құбырлар мен фитингтердің диаметрі 110 – 500mm;
  • KG жүйесі - сыртқы канализацияға арналған ПВХ жасалған құбырлар және фитингтер. Құбырлар мен фитингтердің диаметрі 110 – 500mm;
  • Байқау (дренажнды) құдықтар 315, 400, 425mm.

2011 жылы Ostendorf компаниясы Ресей аумағында Мәскеу облысы Егорьевск қаласында канализациялық құбырлар мен фитингтердің өзінің жеке өндірісін ашты. Зауыт Ostendorf Rus деп аталады. Зауытта жаңа неміс технологиясының жабдығы орнатылған. Өндірісте импорттық шикізат және жасақтаушылар қолданылады. Өнім сапасын неміс мамандары бақылайды және неміс, ресейлік нормаларға сәйкес.

Белые трубы и фитинги 50mm1. HTSM - 110mm қонышты қалпына келтіруші

Қажетті жағдайда құбыр немесе фитингтің қонышсыз жиегінде қонышты қосылыс жасауға мүмкіндік береді. Ішкі диаметрі 90 мм.

2. 50mm ақ құбырлар және фитингтер

Ішкі канализацияға арналған ақ құбырлар мен фитингтер. Жуынатын бөлмелердің кез-келген ішкі көріністерінде өте стильді және заманауи көрінеді.

3. Екі қонышты KGBD 2M 110mm тармағы

Сыртқы канализация жүйесін төсегенде және оның қонышсыз бөліктерін қосқан кезде қажетті бұрылысты жасауға арналған.