ЖЫЛЫТУҒА, СУМЕН ЖАБДЫҚТАУҒА, САНТЕХНИКАҒА, КОНДИЦИЯЛАУҒА ЖӘНЕ ВЕНТИЛЯЦИЯҒА АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ЖАБДЫҚТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ
7-9 Қыркүйек 2022
Алматы, Қазақстан

Aquatherm Almaty 2021 қатысушыларының пікірлері

Serhan Bulken, сату бөлімінің өкілі, Eleks компаниясы (Түркия)

Көрменің Алматы қаласының дәл орталығында орналасуы бізге өте ыңғайлы болып көрінді, бұл келушілердің жақсы ағынын қамтамасыз етті. Біз Aquatherm брендімен бұрыннан таныспыз, өйткені біз осы көрмеге басқа елдерде қатыстық. Бірақ Қазақстанға алғаш рет келіп отырмыз. Пандемияға қарамастан, мұнда кездесулердің сапасы ең жоғары деңгейде. Көрменің нәтижесі жақын арада болады деп үміттенеміз. Біздің өнімге қызығушылық танытатын көптеген мамандандырылған келушілер бар. Біз Қазақстан нарығында өз орнымызды ала алатынымызға сенімдіміз.


Шилова Вилия, «РВК Пластик» ЖШҚ жетекші маркетологы (Ресей)

Біз көрмеге жаңа клиенттер үшін, өткізу нарығын кеңейту үшін келдік. Жалпы, біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізге қол жеткізілді, біз көрмеге және келушілердің санына риза болдық. Жұмыстың бірінші күні біз көздеп келген байланыстарды орната алдық. Көрермендер 100% мақсатты, «кездейсоқ келушілер» жоқ, бұл бізді бірден таң қалдырды. Көрмені ұйымдастыру тиісті деңгейде өткізілді. Егер Мәскеумен салыстыратын болсақ, қосымшаның көмегімен контактілерді автоматты түрде жинауды және келушілердің QR кодтарын сканерлеуді енгізу қажеттігін айтар едім, бұл қатысушыларға базаны автоматты түрде толықтыруға мүмкіндік береді. Біздің компанияда өзіміздің есептеулеріміз бен көрсеткіштеріміз бойынша конверсияны есептейміз, және үш айдың ішінде біз келесі жылға келеміз бе, жоқ па, соны шеше аламыз. Егер конверсия жоғары болса - біз міндетті түрде Aquatherm Almaty 2022 қатысу үшін қайта ораламыз!


Матвеев Виталий, «ВЕЗА» ЖШҚ техникалық директоры (Ресей)

Бізді компаниямызға деген жоғары қызығушылық таң қалдырды, пандемиядан кейін адамдар жаңа ақпарат, жаңа өнімдер мен технологияларға қызығушылық танытты. Aquatherm көрмесіне біз бірінші жыл қатысып отырған жоқпыз, және қатысуымызға бизнес үшін бұл қиын кезең де кедергі болған жоқ. Көрмеге қатысуға негізінен біздің кәсіпорынның қарқынды дамып келе жатқанын барлығына көрсету ниетіміз болған соң шешім қабылдадық. Біз ауа проблемаларымен күресуге арналған жаңа өнімдерді шығардық және оларды дизайнерлерге, әлеуетті тапсырыс берушілер мен клиенттерге таныстыруға, жағдайды жақсартатын жаңа шешімдер туралы айтуға асығамыз. Көрмеге біздің стендте көргіміз келетін мамандар келді. сондай-ақ біз іскерлік бағдарлама аясында өткізген Семинар, өнімге қызығушылық танытатын жоғары мамандандырылған аудиторияны жинады. Ұйымдастырушылар жарады, олар үзілістен кейін сапалы іс-шара жасай алды.


Саиджалолов Хусан, Узэлтехсаноат Қауымдастығының экспорттық әлеуетті дамыту бөлімінің бастығы (Өзбекстан)

Біздің қауымдастық көрмеге қатысқанына дән риза, өйткені бірінші кезекте бұл көрме Қазақстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынасымызды нығайтуға мүмкіндік береді. Біз көптеген жаңа кәсіпорындармен, жаңа экспорттық бағыттармен таныстық. Көрме қорытындысы бойынша келісім-шарттар жасасамыз. Пандемиядан кейінгі жағдай онша жақсы емес және келушілер көп болмайды деп күтілгені заңдылық. Бірақ, соған қарамастан, біз әлеуетті ұзақ мерзімді серіктестермен келіссөздер жүргізе алдық. Көрменің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде, біз қатысудың оң нәтижелеріне үміттенеміз, олар біздің келесі жылға қатысу туралы шешімімізге әсер етеді. Біз Қауымдастықтың Artel компаниясы Aquatherm Almaty-ға екінші рет қатысуда, олардың жетістіктері бізді таң қалдырды және 2021 жылы біз Қауымдастықпен бес компаниямен қатысуға шешім қабылдадық, олардың төртеуі алғаш рет экспозицияда ұсынылды. 2022 жылы біз Өзбекстанның үлкен ұлттық стендін қоюды жоспарлап отырмыз және 20-дан астам компанияны әкелеміз.


Быч Андрей, «Климат ПРОФ Казахстан» ЖШС бас директоры (Қазақстан)

Біздің еліміз өмір сүріп отырған жағдай мен шектеулер аясында біздің компания көрмеге қатысудың мақсаттары мен міндеттерін 100% орындады деп санаймын. Біз ұзақ мерзімді серіктестік туралы бірнеше келісім жасастық және көптеген жаңа байланыстар таптық. Iteca компаниясының ұйымдастырушылары көрме қатысушылары мен қонақтарының қауіпсіздігін сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, келушілер тарапынан да ынта байқалды, өйткені өткен жылы көрме болған жоқ. Биылғы жылы көрме тағы да өтті, біз көптеген таныс тұлғаларды және жаңа келушілердің жеткілікті санын кездестіргенімізге аса қуаныштымыз, бұл ұйымдастырушылардың күш-жігері бекер болмағанын білдіреді. Келесі 2022 жылы біз Aquatherm Almaty-ға да қатысамыз деп үміттенеміз!